Өлең, жыр, ақындар

Жиырма бес

  • 24.10.2018
  • 0
  • 0
  • 2142
Жиырма бес – дариға-жас менен де өттi,
Жастық шақ алаңдатты, елеңдеттi.
Қуаныш сыйлап менiң бойыма шақ,
Маған лайық мұң болып өлеңдеттi.
Бiлмеймiн оны қалай аңсарымды,
Әйтеуiр өткердiм ғой ән-шағымды.
Жастықтың тәттiсiнен татып жүрiп,
Көкiрек көтерiлдi, тау шағылды.
Жақсы iске ұмтылғанмен, тырысқанмен,
Көп жүрдiм қалқалармен, қуыстармен.
Әр күнiм ақылсыздау қате жасап,
Бар күнiм өттi соны дұрыстаумен.
Ұшырдым да балалық ақ арманын,
Мен де жандым, өртендiм, алауладым.
Өмiрiмнiң бағытын көп iздедiм,
Жiгiт-күннiң ерлiгiн таба алмадым.
Жиырма бес, көзiмдегi сағымды аштың,
Жолыма нұр төседiң, жалын шаштың.
Сен боп өткен күндердi аңсағанмен,
Өкiнiштi сен берген сағынбаспын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоқсың сен үйде де, тыста да

  • 0
  • 0

Жоқсың сен үйде де, тыста да,
Дедің бе: «Іздесін, ойласын».
Көңіл – күз, сағыныш. Қыс – дала,
Қайдасың, қалқа қыз, қайдасың?

Толық

Футбол ойнап жатырмыз...

  • 0
  • 0

Футбол ойнап жатырмыз...
Шуақ нұрлы.
Жанкүйерлер шуынан құлақ тұнды.
Жұртпен бiрге қолдарын шапалақтап,

Толық

Жылама

  • 0
  • 0

Жаздың таңы жаманатын әкелді,
Бір жүректі тоқтатуды ұйғарып.
Жылап тұрдым, шығарып сап әкемді,
«Жылама» деп кете барды қиналып.

Толық

Қарап көріңіз