Өлең, жыр, ақындар

Футбол ойнап жатырмыз...

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 764
Футбол ойнап жатырмыз...
Шуақ нұрлы.
Жанкүйерлер шуынан құлақ тұнды.
Жұртпен бiрге қолдарын шапалақтап,
Бiлдiрместен бiр сұлу жылап тұрды.
Қарсыласты қойдық бiз анық тұсап,
Қарсы қақпа алдында қауiптi сәт!
Қатты соққы!
Доп тидi маңдайшаға...
Жүгiретiн кез едi жайып құшақ.
Мұндай шақта әзiл мен күлкi мақұл...
Сол қақпаның таптық-ау кiлтiн ақыр.
Бiздер жеңдiк!
Қуанған тiлеулестер,
Шын ниетпен қолды алып, сiлкiп жатыр...
Қарамайтын жанбыз ғой шамасына,
Сiңiп кеттiк достардың арасына.
...Көзiлдiрiк киiп ап жылаған қыз...
Нелiктен жас толды екен шарасына?
Самал соқты, аймалап шуақ нұрлы.
Көкейiмде жалғыз-ақ сұрақ тұрды:
Көзiлдiрiк көздерiн жасырса да,
Сол сұлу қыз нелiктен жылап тұрды?
Сол сұлу қыз нелiктен алаңдады?
Жұмбақ болып барады маған бәрi.
... Арман қане, дариға-ай, сол бiр ару,
Жылап тұрса мен үшiн алаңдағы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертең бiздiң өлкенi қар басады...

  • 0
  • 0

Ертең бiздiң өлкенi қар басады...
Бар тiршiлiк аппақ боп жалғасады.
Алатаудың басында қара бұлт,
Түнерiп, отыр құрып малдас, әнi...

Толық

Қарабұлақ

  • 0
  • 0

Әр тасы ән салатын,
Алыстан танылатын,
Таңды кеш қарсы алатын,
Түнді ерте жамылатын,

Толық

Бiздiң шал

  • 0
  • 0

Тыйыла қалып тiршiлiк салған iзгi үн сәл,
Өмiрден мынау ертелеу өттi бiздiң шал.
Арсыздау ажал ар жаққа ала жөнелдi,
Қолынан оның босаған кезде тiзгiн сәл.

Толық

Қарап көріңіз