Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік -Елбасы -Егіз ұғым.

Өнегеге айналған сөзі бүгін ,
Жұмсаған ел қамы үшін өз ілімін.
Елбасы күні мынау құтты болсын,
Қаға берсін елімнің көгі күлім !

Елбасымыз танытып көрегендік ,
Алып берді кезінде егемендік .
Еліне сіңірді ол қаншама еңбек ,
Соның бәрін деп білем - ерен ерлік !

Қазақстан -Ұлы Отан егеменді ,
Арнай берем сол елге көп өлеңді .
Шаңырағын биік қып сол Отанның ,
Елбасымыз кеңейтті керегемді .

Нұр Отанды деп біліп берекеміз ,
Бұл Отанды мықты әлі ел етеміз .
Құтты болсын Тәуелсіз елімдегі ,
Елбасы күні деген мерекеміз !



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алғыс

  • 0
  • 1

Сөз өнері мені баурап алды шын,
Ұлы Отанға - бар білімім, бар күшім.
"Нұр Отанға" арналады және де ,
Менің сәби жүректегі алғысым.

Толық

Қызылорда қаласына - 200 жыл!

  • 0
  • 2

Сәулетті әсем қалам Қызылордам,
Сыйлаған мендей ақын ,қызына арман .
Көз жүгіртсем кешегі өткеніне ,
Сенде талай тарихтың жүгі қалған .

Толық

Ақтолқын Нұрлыбайқызына

  • 0
  • 1

Сіз Толқынсыз тербететін ойларды ,
Журналистсіз жазатын көп жайларды .
Журналистік өтіліңіз -он үш жыл ,
Қаламыңыз бүгін әбден қайралды .

Толық

Қарап көріңіз