Өлең, жыр, ақындар

Бір қазаққа

Билікті соққан кезде бәрі білгіш,
Өзінен басқаларды кәріне ілгіш.
Жұмылып іс қылайық деген кезде,
Ат-тонын ала қашып әрі жүргіш.

Тыңдасаң осылардың әңгімесін,
Адасып тентек қойдай мәңгіресің.
Біреуден естігеннен басқа өзінде,
Жоқ болса сөз қылады енді несін.

Білімді жанды көрсе күндегесін,
Талпынып өзі солай жүрмегесін.
Қит етсе өзбек пенен қалпақ жалдар,
Ретін шаруаның білмегесін.

Мазақтап өзбектерді күлген есер,
Біреуді жүре алмайсың тілдемесең.
Май шелпек өзбектердің аузында жүр,
Балдардан жырып алған күндегі есең.

Өзіңше оларды тек құл көресің,
Шын көріп қулықпенен үндемесін.
Оларда келе-келе бұлданады,
Өткізіп қойғандай ғып бірдемесін.

Ай, қазақ сонда жарым шашылады,
Атағын бір-бірінен асырады.
Сарайды пәлен пұлға соқтырып ап,
Досынан кемшілігін жасырады.

Шебер деп өзбектерін жар салады,
Екінші қазақ келіп тамсанады.
Қалайда сол өзбекті жалдау керек,
Банктен қарызға ақша алса дағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз