Өлең, жыр, ақындар

Босаға

  • 13.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1299
Бұлдырай ма, сағым қуып қаша ма,
Төбе-төбе оқшырайған тас оба.
Жаугершілік.
Келіп қалды мұндалап,
Сонда ерге сүйеу болған Босаға.
Кездерінде малы түгел, бас аман,
Бұл маңайда —
Думан, тойлар жасаған.
Келін түсіп,
Қыз ұзатып, күйеу кеп,
Сан қызыққа куә болған, Босағам.
Опасыз жау шыға келіп тасадан,
"Қайран елім, көріскенше
Қош аман" - деп,
Қас батыр
Жайдақ мініп тұлпарға,
Алмас найза жарқылдаған, Босағам.
Талай тартыс, төтеп берген қырғынға,
Ашылмаған, айтылмаған сыр мұңда.
Жазым болған,
Жауға шапқан кезінде,
Батыр жатқан
Мола үстінде тұрмын ба.
Мән бермейміз, сан келеміз біз мұнда,
Қиян көкте ұшар қыран, құзғын да.
Көп суреттер
Көз алдымда тұр менің
Көңіліме
Мыңнан бірін сыздым ба.
Жоқ, сызғам жоқ,
Айшық іздеп келем мен,
Құс қанаты сусылдайды төбемнен.
Тас обалар —
Ескерткіштей тұр қатып,
Суыртпақтап сыр тартамын тереңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таң самалы

  • 0
  • 0

Теңіз ерте ұйқысынан оянды,
Толқын жүзі таң нұрына боялды.
Таң самалы тереземнен енгенде,
Көңіл қалай хош иісіне тоя алды.

Толық

Көрініс

  • 0
  • 0

Бүгін қандай табиғат жарасымды,
Бейне бір күліп тұрған бала сынды.
Бұрын-соң көрмегендей күйге салар,
Бойына жинап алып бар асылды.

Толық

Дұғай сәлем!

  • 0
  • 0

Дұғай сәлем айта бар елге менен,
Түсіп жатыр жолдарға өрнек өлең.
Өлеңімен әуре боп жүрген балаң,
Өрлемеген,

Толық

Қарап көріңіз