Өлең, жыр, ақындар

Өзіңе

  • 09.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2931
Желге ырғалып үлбіреген
бейне жаздың гүліндей.
Сезесің бе, жастығыңды барады өтіп білінбей.
Күндер тез-ақ асығады,
жылдар жылжып артынан,
Ақ қайыңдар ырғалады таңға көзі ілінбей.
Толқындар көп айналамда,
төземін мен бәріне,
Дауыл ұйтқып құтырады мініп кейде кәріне.
Қалжыраған түн саябыр,
демалады ақырын,
Бақта бұлбұл ұйытады "сиқыры" мол әніне.
Шертші, шертші домбыраңды,
келер одан сыр ұтқым,
Көп-ақ еді айтарым да, келмеді рас шын ұққың.
Ұнатушы ем жаз әлпетті жайдары сол қалпыңды,
Қыс мінезі қалыптасты,
кешір құрбым, суықпын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талықсып бір жетер ем

  • 0
  • 0

Сұрай қалса кейбіреулер тосыннан,
Хабар келіп тұра ма деп, досыңнан?
Қара кірпік, қара ормандай қозғалып,
Көз алдымда сенің бейнең тосылған.

Толық

Таңғы шық

  • 0
  • 0

Меруерттей мөлдіреді,
Шөп басына шық тұнып.
Гүл желегі желбіреді,
Нәзіктігін ұқтырып.

Толық

Досқа тілек

  • 0
  • 0

Досым бар,
Жоқ ешкімнің таласы да,
Көңілінің жоқ бүкпесі,
Аласы да.

Толық

Қарап көріңіз