Өлең, жыр, ақындар

Талықсып бір жетер ем

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1427
Сұрай қалса кейбіреулер тосыннан,
Хабар келіп тұра ма деп, досыңнан?
Қара кірпік, қара ормандай қозғалып,
Көз алдымда сенің бейнең тосылған.
Артса да өмір таудай үлкен салмақты,
Нәзік жаным арқалапты, талмапты.
Кейбіреулер бүксе де ішке бармақты,
Адал көндім жамандыққа бармапты.
Қайдан білсін жан қадірін дос деген,
Олар мендей сенімен бірге өспеген.
Олар мендей өмір жолын кешпеген,
Дос жалыны,
Жүрегімде өшпеген!
Сол жалынды ту ғып биік көтерем,
Сен дегенде өрледі от өлең.
Самал болсам,
Талықсып бір жетер ем.
Нөсер болсам,
Төгіп-төгіп өтер ем!
Самал да емес, нөсер де емес, кісімін,
Біреуі оңды,
Біреуі оңсыз ісінің.
Өзгеріс жоқ, жүрмін, қалқам, жыр жазып,
Өзгергенмен бұл өмірдің түсі мың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімде

  • 0
  • 0

Көп тарихпен таныстық жол үстінде,
Қанша әңгіме айтылды сол үш күнде.
Батырлыққа бай екен
Болғар елі

Толық

Жалғасады, таусылмайды көк белең

  • 0
  • 0

Шарық ұратын күндерді ойлап кеше бір,
Шындықты іздеп,
Шыр айналды жас өмір...
Жамағаттың жайлауларын мекендеп,

Толық

Қайран, талқы таулары-ай!

  • 0
  • 0

Өлеңнің өніп жатса тасқа гүлі,
Жұртына жетіп жатса асқақ үні.
Табаны аумай өтсе туған жерден
Адамның болар ма екен басқа мұңы?!

Толық

Қарап көріңіз