Өлең, жыр, ақындар

Шыңдағы бұлақ

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1610
Жақпар тас, жасыл орман, қарлы тауым,
Серігі долы дауыл, мәңгі жауын.
Серпілсе көк көбесі жалын атып,
Сүйемін жәйдің шынды аймалауын.
Шығам деп ұмтылсам да құздарына,
Жисам да қайратымды қыз жаныма.
Тәкаппар тау именіп селт етпеді,
Төзбедім мұздарына, ызғарына.
Мен талай көргем сонан мөлдір бұлақ,
Жас өмір бір секіріп, бір құлдырап.
Алысқа асығатын атой салып,
Жеңімпаз елемейді шыңды бірақ...
...ГЕ
Уа, досым, ақын жігіт сен бе едің,
Атынды білгенше анық сенбеп едім.
Өзіңмен бір тербеліп жыр кемеде,
Бағына жастық шақтың енбек едім.
Зор мақсат бізді алып қолтығына,
Араластық өмірдің толқынына.
Ұшырды көңіл құсын ортақ арман,
Үміттің ой аспаған өр шыңына.
Көңілді бірде күз алған,
Көлгірсіп жалған күле алман.
Қырандай кейде бұлдырап,
Жеткізбей алыс жүр арман.
Көңілді қоңыр күз десем,
Жазбенен талай жүздесем.
Өзіңнің ғана күлкің ғой,
Сарылып ұдай іздесем.
Ақынның жаны қыс кейде,
Қыс күні шуақ түспей ме,
Бұл өмір ұдай бал емес,
Ащыны адам ішпей ме.
Көктем ғой көңіл жайнаған,
Гүлдерін кейде жаймаған.
Тірліктің өзі махаббат,
Өлгенше адам тоймаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақша қарда

  • 0
  • 0

Кіршіксіз
Қандай таза алғашқы қар,
(Түнеріп тау басында қалмас мұнар).
Ғажап-ау ұқсастықтар арадағы

Толық

Айлы түнде

  • 0
  • 0

Жолаушылар ағылады, тынбайды,
Теңіз үні толастамас түнде айлы.
Сұлу толқын ақ сәулеге малтығып,
Самал есер, еркелеткен тым жайлы...

Толық

Жыр - мұнара

  • 0
  • 0

Қадырың асқан туыс,
Құрбыңа да,
Басында қабіріңнің тұрмын, Ана!
Отыз жыл ортаға сап оралғанда,

Толық

Қарап көріңіз