Өлең, жыр, ақындар

Айлы түнде

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2343
Жолаушылар ағылады, тынбайды,
Теңіз үні толастамас түнде айлы.
Сұлу толқын ақ сәулеге малтығып,
Самал есер, еркелеткен тым жайлы...
Салқын ауа, сумал самал желпіген,
Жұпарына шыршалар да елтіген.
Жағалауда ойға батқан ормандар,
Серуендеймін, бос қиялдан серпілем!..
Кезіп кетсең, ұзақ түнге оралмай,
Көңіл сонда сырлы үндерге толардай.
Жарқырайды қою түннің төрінде,
Неткен жұлдыз, сол бір таныс жанардай...
Жымыңдайды жан сарайды жылытып,
Кейбір пысық уақытты да жүр ұғып...
Жалғыз қалып ақын отыр жағада,
Өзге тұрғай, өзін-дағы ұмытып.
Шалқалайды жаңа ғана туған ай,
Теңіз-дағы толастады туламай.
Теңіз күйі жүрегіме ауысып,
Неге мені бара жатыр тыңдамай...
Басыла ма, мына дауыл үдей ме,
Қандай шара, тілге көнбес дүлейге.
Тымық түннің құшағына сыя алмай,
Найзағайлы жаз нөсерін тілей ме...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоштасу

  • 0
  • 0

Кешегі көп күдік пен күмән қалып,
Қолымыз жетті,
Тәубе бұған да анық.
Көне жұрт!

Толық

Қарагер

  • 0
  • 0

Қамшылай жөнелгенде Қарагерді,
Бұрқ етіп артында шаң қала берді.
Қарагер қанат бітіп бұлдырайды,
Жолдағы тамсандырып тана көлді.

Толық

Апталар

  • 0
  • 0

Өтіп жатыр сағынышты апталар,
Өтіп жатыр келмей сенен хат-хабар.
Өтіп жатыр өзекті өртеп өкініш,
Өтіп жатыр емес уақыт тоқталар.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер