Өлең, жыр, ақындар

Сайрам

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1786
Асығып бұлттар жөңкіді,
Көтеріліп құздардан.
Төменде Сайрам мөңкіді,
Соғылып, қайтып тік жардан.
Гүрілдеп толқын тынбайтын,
Балауса, құрақ суылдап.
Маужырап дала тыңдайтын,
Шағала, үйрек шуылдап.
Құшқанда толқын жағаны,
Күлкісі құлақ жарады.
Сүйтіп айдың сәулесін
Алып қашып барады.
Қоңыр жел баяу тербеткен,
Гүлдерің қайда нәп-нәзік,
Балалық шақтан сенде өткен
Қалыппын ғой көз жазып.
Нөсерлетіп төксеңші,
Сүймейді жаным тамшыны.
Қырандай қағып өтсеңші,
Сілкініп қалсын тау шыңы.
Алаулап атты таң бүгін,
Арайлап шықты күн - дағы.
Тербеді өзен таң нұрын,
Толды күйге гүл бағы.
Қарадым алма бағына,
Сыңсып өскен беттегі.
Көзінде терең мағына,
Алмаға құрбым беттеді.
Күн нұрын төкті төбемде,
Тамылжып тұрды жасыл бау.
Үйілді алма төменде,
Ерлігін құрбым асырды-ау.
Төменде тұрып құмартып,
Қарадым жасыл шатқалға.
Құйылып түскен құзар тік,
Табиғат кілем жапқан ба?
Тұрмадым мен де бекерге,
Адамның еңбек жаны ғой.
Бақытқа онсыз жетер ме,
Еңбек - өмір сәні ғой.
Ай бұлтқа кеткен мана тасаланып,
Ғажап түн. Жәй көңіл де елеңдейтін.
Тентек жел гүл желігін қашады алып,
Мені де мазалайды өлең дейтін.
Тау ішін тұмшалапты түнгі сарын,
Өзен жатыр сабасын мол сапырып.
Дала мең-зең бүркеніп түн кұшағын,
Тұрды алдымда бір қиын жол шақырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркелік

  • 0
  • 0

Жапа шеккен жалғыздыққа осынау,
Сен де араша бола алмадың досым–ау.
Жеңе білген қиындықтың қандайын,
Адамдардың жаны тіптен асыл–ау.

Толық

Дарқан далам

  • 0
  • 0

Дарқан далам,
Миллиард сый тартасың
Барсам маған.
Нағылған кішіпейіл, мейрімді едің,

Толық

Қайда, құрбым, сол бір тәтті күндерің

  • 0
  • 0

Көктем екен жас қайындар бүр ашқан,
Жасын төкпей,
Жадыраған сұр аспан.
Қырда қызыл қызғалдақтар ашылып,

Толық

Қарап көріңіз