Өлең, жыр, ақындар

Тау өзені

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4103
Ағады тау өзені тасып — тулап,
Жатқандай толқындары тасты турап.
Тоғытып батар күннің балғын нұрын,
Жамырап жарысады тасқын шулап.
Ал түнде нәзік айды құшаққа алып,
Өркеші ақ шатырға ұсап қалып.
Жар төсін жата қалып тепкілесе,
Меруерт шашылады ұсақталып.
Тым сырлы күлкісі бар табылмайтын,
Мінезі бар басқаға табынбайтын.
Күледі, күбірлейді, гүрілдейді,
Жыры бар кеудеңе кеп дамылдайтын.
Шөліркеп келсем сусын қандырасың,
Көзімді мөлдіріңе талдырасың.
Мен саған келем жиі, тұрам қарап,
Қашан да терең ойға қалдырасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеке шумақтар

  • 0
  • 0

Бір кеудеде үміт-күдік, әр талап.
Келем тынбай соны ұдайы арқалап.
Өмір жолы біркелкі емес, біл соны,
Кейде түзу, кейде терең жарқабақ.

Толық

Кең жазира

  • 0
  • 0

Кең жазира, кербез далам, қымбаттым,
Мен төсінде іңгәладым, тіл қаттым.
Көгершіндей қалықтатып көгіңе,
Өміріме өшпес жалын, нұр жаптың.

Толық

Төркін

  • 0
  • 0

Алдымнан жүгіре шықты бұлақтарың,
Дала ұсынды мақтадай гүл аппағын.
Сипайды салқын самал саусағымен,
Ақынға келді ме әлде сыр ақтарғың?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар