Өлең, жыр, ақындар

Туған елім

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2698
Туған елім, күн сүйген — Қазақстан,
Түлегіңмін төріңді қалап ұшқан.
Жүрегім — сырлы қобыз күй толғайтын,
Соғыпты саған арнап қазақ ұстаң.
Дауылын көргенім жоқ ескі өмірдің,
Жібек желі алдымнан есті өңірдің.
Зар заман жаспен буып жаншып өткен
Кешегі қазақ қызын ескерді кім?
Бүгін мен еркелеймін, шалықтаймын,
Көңілім құс, қиянға шарықтайтын.
Маңдайымнан сипаған заманымда,
Тіпті де қамықпаймын, тарықпаймын.
Ақ жаным алаңдамас сырға бөтен,
Отаным, бір өзіңді жырлап өтем.
Туған ел, анам өзің аялаған,
Қырмызы гүлдеріңді құндақ етем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалғай ауыл

  • 0
  • 0

Күн кештім қандай қымбат,
Қандай ауыр,
Куәсің сен бәріне,
Шалғай ауыл!

Толық

Ақша қарда

  • 0
  • 0

Кіршіксіз
Қандай таза алғашқы қар,
(Түнеріп тау басында қалмас мұнар).
Ғажап-ау ұқсастықтар арадағы

Толық

Адамдар

  • 0
  • 0

Адам бар, қиындықтан алып шығып,
Адам бар, шыңырауға итеретін.
Адам бар, ойын ішке қалып бүгіп,
Адам бар кеудесінен күй төгетін.

Толық

Қарап көріңіз