Өлең, жыр, ақындар

Түсім бе әлде...

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2767
Япыр-ау кеше емес пе,
Егіле сыр ашқаны,
Түсім бе, әлде елес пе,
Мөп-мөлдір дала аспаны.
Еліктеп сол бір әніңе,
Мұңайсам енді сөкпеші.
Мен көнейін бәріне,
Сен ғана мұң төкпеші.
Сарылып кейде ұзақ таң,
Талмаурар кірпік жабылмас.
Минуттар сол бір ұзатқан
Іздесем-дағы табылмас.
Жүректе қалған іздер бар,
Жалыны бар басылмас.
Көгілдір көктем, күздер бар,
Есігін қақсам ашылмас.
Япыр-ау, кеше емес пе,
Егіле сыр ашқаны.
Түсім бе, әлде елес пе,
Мөп-мөлдір дала аспаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш тамшылары

  • 0
  • 0

Көп–ау жандар арманына жетпеген де, жеткен де
Өмір құшқан ақын жаны лапылдаған от кейде.
Гүл атқызам ақ арманды көктеменің өзіндей,
Өр теңіздің өзі берген тасқыны бар тек менде.

Толық

Бір шыбық

  • 0
  • 0

Еске еріксіз түсіретін түз гүлін,
Албырт едік елеңдеген біз бұрын.
Зымыраған уақыт па әлде белгісіз,
Сол күндердің тыныштығын бұзды кім.

Толық

Жолдар

  • 0
  • 0

Жолдар, жолдар, қиялды алып қашып,
Қырлардың қырқасынан қалыпты асып.
Келеді тұтқын етіп сырлы ақынын,
Сансыз арман тұс-тұстан торып, қашып.

Толық

Қарап көріңіз