Өлең, жыр, ақындар

Бір шыбық

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1160
Еске еріксіз түсіретін түз гүлін,
Албырт едік елеңдеген біз бұрын.
Зымыраған уақыт па әлде белгісіз,
Сол күндердің тыныштығын бұзды кім.
Қайран сол бір балдан шырын балалық,
Саумал қымыз кеткен бойға таралып.
Ескерусіз сол күндерді еске алып,
Мен отырмын ой тұманға оранып.
Кетірмеші сол ойымның тынышын,
(Бұл өмірді қызықтаймын кім үшін).
Әлде анау атпаған таң, нұр үшін,
Әлде осынау толғағы көп жыр үшін.
Көріп өскен шілдесін де боранын,
Қарлығашы мен бе екенмін даланың.
Далаға ұсап буырқанып, жадырап,
Далаға ұсап тынысымды аламын.
Далаға ұсап жадырап бір үн қатам,
Гүл бақтарға сол үнімді тыңдатам.
Туған жердің ойнақ салып төсінде,
Бір жүрекке таң боп атып жүр ботаң.
Далаға ұқсас тынымы жоқ тіршілік,
Жасыл ойнап, қара бұлты күрсініп.
Сол даланың жартасында ырғалып,
Майысады көлге төніп бір шыбық.
Жартастағы жалғыз өрім бір шыбық,
Қалмаса екен жапырағы қыршылып.
Өз даласы алақанда аялап,
Өз даласы қойды – ау соны жыршы ғып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жар назы

  • 0
  • 0

Дала жасыл, жаз-арман,
Ұйқыдан ерте оянып.
Шындар бұлттан тазарған,
Арайға түсі боялып.

Толық

Ашу

  • 0
  • 0

О, тәңірім, артық айтсам кешерсің,
Жан балам, неге мұнша кешігесің.
Әлде теріп жүр ме екен ол даладан,
Осынау екі "күшіктің" несібесін.

Толық

Ақын тағдыры

  • 0
  • 0

Жыр туралы жаздым жыр,
Болмайды деп жылтырақ.
Жыр жолынан алдым нұр,
Жанды ішімде бір шырақ.

Толық

Қарап көріңіз