Өлең, жыр, ақындар

Сағындым ғой...

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 5620
Сағындым, бала кезді ойнақтаған,
Бала боп ойнапты атам, ойнапты анам.
Шіркін-ай, жақсы екен ғой балалық шақ,
Уайым, ешнәрсені ойлатпаған.
Сағындым сол бір ғажап ерке күнді,
Арнады тағдыр маған ерте мұңды.
Сағындым, қайран Анам, алдын алып,
Айтатын ұйқы алдында ертегіңді.
Өріпсің, бой жеттің деп, тұлымымды,
Білмеуші ем мұңаюды, түңілуді.
Білмеуші ем бұл тағдырдың не сыйларын,
Үйрендім ойға терең үңілуді.
Сұрасам сол күндерім келе ме енді,
Ол күннің бола қоймас керегі енді.
Сен мені қызығым деп, құшсаң, Ана,
Отырмын мен де әлдилеп немереңді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баспалдақ

  • 0
  • 0

Жоғары өрлеп келемін баспалдақпен
Тапталып,
Табандарда жатқан көптен...
Қатыгез,

Толық

Тентегің ем

  • 0
  • 0

Әркімге
Тағдыр түрлі сый арнады,
Көңілімді жұмбақтау сыр арбады.
Бір бастаудың көзі едік мөлдіреген,

Толық

Түс көрдім мен

  • 0
  • 0

Түс көрдім мен,
Түсімде сені көрдім.
Қандай ғажап тасыған көңілі ердің.
Шалғылары жетілген мұзбалақтай

Толық

Қарап көріңіз