Өлең, жыр, ақындар

Тентегің ем

  • 02.10.2018
  • 0
  • 0
  • 1069
Әркімге
Тағдыр түрлі сый арнады,
Көңілімді жұмбақтау сыр арбады.
Бір бастаудың көзі едік мөлдіреген,
Арнамыз бөлек болды құярдағы.
Ұл боп өстім,
Тақсам да қыздың атын,
Ерке едім тостағанын жүз жуатын.
Өзіңмен бірге барып той-думанға,
Тентегің ем, жүйрікпен қыз қуатын.
Өзіңе де,
Жеңгеге де өктем едім.
Көңіл жасқап біреуің тек демедің.
Өмір шіркін, сол қалпы тұратындай,
Ол кезде бөтен ойдан шеткері едім.
Мәз болып —
Тентегіңнің сиығына,
Тұратын күлкі үйіріліп миығыңа.
Білдіртпей аяулы ана орны жоғын,
Жүріпсің тауды арқалап иығыңа.
Өйткені —
Ит жейдені ерте кидің,
Ана болған жеңгені ерте сүйдің.
Жамандыққа сен менен ерте күйдің,
Жақсылықтың кеудеме нұрын құйдың.
Неге бүгін
Арамыз алшақтады?
Шаңырақ иесі боп қалсақ-тағы.
Бөлісіп әкетті ме сол күндерді,
Тағдырдың тарамдалған әр соқпағы.
Түйсінем,
Арнайы хат жазбасаң да,
Қара бұрым тентектер аз ба, сонда.
Жалғызыңды дәл солар ұмыттырды-ау,
Тоқтауы жоқ тірліктің жалғасы ол да.
Өмірге —
Бір-бір бел боп қарасақ та,
Жүрсек те от тұтатып әр ошақта.
Сендерді сағынғанның белгісі ме,
Көңіл отыр жаутаңдап бала шаққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дутар

  • 0
  • 0

Іште талай айтылмаған жатар мұң,
Ести алмай ұясына батар күн.
Ұмыт қалған елесіндей сол күндер,
Тартып кеттің ғажап сазын дутардың.

Толық

Арай құшып

  • 0
  • 0

Бір өсем күй естіртті далан маған,
Жаман екен сыртқа ойың алаңдаған.
Араға ұсап отырмын гүлге қонған,
Қанша жұтып шырынын ала алмаған.

Толық

Көгершіндер

  • 0
  • 0

Көгершіндер, көзіме ыстық көрінген,
Келдіңдер ме, менің шалғай жерімнен?
Келдіңдер ме, шын сезіммен берілген,
Көкірегіңнен өнің ыстық төгілген,

Толық

Қарап көріңіз