Өлең, жыр, ақындар

Көздер

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3976
Көздер бар жанды нұрға толтыратын,
Сол көзден, тап сол көзден толқыр ақын.
Көздер бар, әрі ойлы, әрі мұңлы,
Тұңғиық тереңінде көл тұнатын.
Көздер бар сиқырлы бір арбайтұғын,
Жарқ етсе, шұғылалы таңдай түнің.
Көздер бар ыстық жанды қалтыратып,
Ызғары тұла бойды шарлайтұғын.
Көздер бар қарап қана қалдыратын,
Көздер бар —
Көз біткенді талдыратын.
Өшпес екен, сол нұрлы,
Отты көздер,
Орап ап жалынына жандыратын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалын

  • 0
  • 0

Көңіл — перне абайсыз басып қалып,
Толастады дауыл-күй,
Тасып барып.
Есіліп тұрсыншы бір сол нәзік ән,

Толық

Шекара

  • 0
  • 0

Туған топырақ,
Адамның жер — Анасы!
Тұтасқан татулықпен ел арасы.
Араны бөлгенімен шек — сызығы,

Толық

Той толғанысы

  • 0
  • 0

Мәңгілік даңққа бөлеп сүйікті елді,
Асты, әне,
Өмір көші биік белді.
Партия сарқылмайтын мол шуағын

Толық

Қарап көріңіз