Өлең, жыр, ақындар

Сөнбес сәуле

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1711
Сен емес пе ең,
от сезіммен тербеп өткен жанымды,
Сен емес пе ең,
ұялатқан махаббатты жалынды.
Сен емес пе ең,
сөнбес сәуле, тірегім боп оралған,
Сен емес пе ең,
өмірдегі таусылмайтын мол арман.
Кеудем - бұлт,
Жұмбақ болып тарылады тынысым,
Сені іздеймін,
Табамын деп ақтарамын түн ішін.
Тыныш жатқан жан теңізін сен несіне тулаттың,
Неге, неге жасыл құрақ жағалауын шулаттың.
Махаббаттың от қанжарын жүрегіме шанышып,
Кеткенің бе,
Қызғалдағын аямастан жанышып.
Сонда дағы елестейсің таң нұрының біріндей,
Уақыт, шіркін, зымырайды баяулығы білінбей.
Кей сәттерде бүл кеудеме таң шапағы арайлап,
Шексіз үміт дүниесі алға үнемі қарайлап.
Жылжып келем толқын қуып,
Қайығымды жыр тербеп,
Толқын сені кеше берсем,
Бір ылдилап, бір төрлеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайқоңыр

  • 0
  • 0

Жайқоңыр әннің аты жайма-шуақ,
Кеткенсің қайран өмір,
Қайда шуап.
Әнші Естай,

Толық

Малта тас

  • 0
  • 0

Әдемі, қандай жұмыр малта тасың,
Толқындар көрсетпейді жайса шашын.
Тапжылмай, көл жиектеп жату үшін,
Сұрапыл дауылмен де шайқасасың.

Толық

Кешіккен көктем

  • 0
  • 0

Білмеймін, кімнен сонда қызғандым мен,
Әлде анау аспандағы қызған күннен.
Әлде анау тана көл ме толықсыған,
Әлде анау сықылықтап қыздан күлген.

Толық

Қарап көріңіз