Өлең, жыр, ақындар

Кешіккен көктем

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2381
Білмеймін, кімнен сонда қызғандым мен,
Әлде анау аспандағы қызған күннен.
Әлде анау тана көл ме толықсыған,
Әлде анау сықылықтап қыздан күлген.
Әйтеуір жүрек кетті бұлқынды да,
Әлде бір арманға алыс ұмтылды ма.
Әлде бір қаракөздің шарасына,
Шүпілдеген мөп-мөлдір нұр тұнды ма.
Әлде бір көз жасым ба ең төккен менің,
Әлде бір жайсаң күн бе ең өткен керім,
Аңсағанмен қайтадан оралмайтын,
Кешігіп келген әлде көктем бе едің...
Айна алдында шаш тарап қыз болғалы,
Жаз қонғалы кеудеме, күз қонғалы.
Шақырады белгісіз сан қиырлар,
Шақырады тынымсыз түз жолдары.
Жүріп келем желдіртіп, аяңдап та,
Көз тастап кең қиырға, ояу баққа.
Оны да жол азабы деп біліңдер,
Күлкінің ар жағында қаяу жатса.
Жүріп келем көз қорқақ, көңіл сергек,
Жол жатыр өз бағытын алыс сермеп.
Жүріп келем жете алмай қиырына,
Жүректі аққу үнді әуен тербеп.
Жол кешемін, әйтеуір, алмай тыным,
Ақ үміт алғы күнмен жалғайтыным.
Араға ұсап мазасыз, гүл шоғынан
Іздегенім өлеңге балдай шырын.
* * *
Алатаудың шоқтығын
Көріп күнде алыстан.
Алақанда жоқ тыным,
Ат жолыңда қарысқан.
Алатаудың қиясын,
Жастанады көк мұнар.
Көңілім, қашан құясың,
Сақтаған сырың көп шығар.
Алатаудың бөктерін,
Сағым тұр ма қалқытып.
Сағыныштың кептерін
Қалды ма екен сөл күтіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән шарбаты

  • 0
  • 0

Отыр, достым, жыр жазайық,
Ән төгіп бір көмейден.
Қара шашың мүлде азайып,
Ақ талдары көбейген.

Толық

Ой-хой, дала

  • 0
  • 0

Ой-хой, дала, кетіпсің ғой
күлтеленіп, құлпырып,
Жаутаңдаған, жаудыраған
мөлдір көздей кіл тұнық.

Толық

Аппассионата

  • 0
  • 0

Құшағы толғандай бір лала гүлге,
Шалқыды даласымен бала бірге.
Бетховеннің құдіретті —
Сазды әуені

Толық

Қарап көріңіз