Өлең, жыр, ақындар

Күндер қайда

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1667
Күндер қайда кешегі от көрінген,
Гүлдер ыққан құшаққа кеші қандай.
Көзіңді жұмып, аттап өткеніңмен,
Мен оны отыра алман есіме алмай.
Аспан да жарқыратып жұлдыздарын,
Самал жанды кететін айықтырып.
Түн пердесі түсіріп құндыз қалың,
Шақыратын құшағын жайып тұрып.
Серуендеп кеш болса шығатынбыз,
Алдымызда кең дала алаң ашық.
Көрінсе үлкен кісі ығатынбыз,
Екеумізді от сезім ала қашып.
Бақтар бізді сағынып, біз бақтарды,
Кәусар сырлар көңілге құйылатын.
Қыдырумен атқызып күзгі ақ таңды,
Таң нұрымен жүзіміз құбылатын.
Көл бетінде қалатын толқын күліп,
Самал келіп сыбырлап өпкенінде.
Қайран күндер сағымдай толқып жүріп,
Адастырып кетіпті-ау өткелін де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айнұр ән салғанда

  • 0
  • 0

Өмірдің босағасын жайдары аттап,
Қанатын айдын көлге жайған аппақ
Ұқсаған аққу құсқа бір қыз көрдім,
Тұратын ерініне ай қонақтап.

Толық

Қимайды көңіл...

  • 0
  • 0

Біреуге ерте бұл ажал,
Біреуге кештеп келуде.
Білмесең де, өмірде
Қимайды көңіл өлімге...

Толық

Сәмиға

  • 0
  • 0

Нәзік даусы күмістей сыңғырлаған,
Іс бар ма, осы анамыз тындырмаған.
Жүрегі арман толы асыл адам,
Туған ел бақшасында жыр жырлаған.

Толық

Қарап көріңіз