Өлең, жыр, ақындар

Сәмиға

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1065
Нәзік даусы күмістей сыңғырлаған,
Іс бар ма, осы анамыз тындырмаған.
Жүрегі арман толы асыл адам,
Туған ел бақшасында жыр жырлаған.
Үніне талайларды үзілдірген,
Ақ тісі меруерт пе тізілдірген.
Әлде бір ақша бұлт па көк жүзінде,
Аққудай еркін қалқып жүзіп жүрген.
Әлде бір аяулы жан арманы ма,
Ақ құсы ма қонатын таңда мына.
Әлде бір қызғалдақ па ырғатылған,
Көрік болып тұратын аймағына.
Әлде бір ерке бұлақ үні ме еді,
Әлде бір жаздың мақпал түні ме еді.
Барады бірте-бірте тартып жақын,
Жанының қыран шалмас шыңы мені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құтты мекен

  • 0
  • 0

Жатырсың кең көсіліп, құтты мекен,
Жаныңды біреу мендей ұқты ма екен.
Сыңғырлаған бұлақтың сұлу үнін,
Құмартқанда кәусардай жұтты ма екен.

Толық

Қабір басында

  • 0
  • 0

Анашым!
Болармысың енді де алаң,
Күн туды көретұғын елді де аман.
Арада отыз жылды сабылдырып,

Толық

Өмір құшып, от құшып

  • 0
  • 0

Күйші қарт безілдетті домбырасын,
Бөлмеге күй сермеді күй құлашын.
Ақын сен де төгіп өт нөсеріңді,
Болсаң да қанша жүйрік болдырасың.

Толық

Қарап көріңіз