Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 12187
Ақ қайың төкті суға жапырағын,
Шымырлап беті күліп жатыр ағын.
Мынау дүние сабырлы түрге еніпті,
Күз жайлап жерімнің кең атырабын.
Бұлт жүзді айдын көлде алашабыр,
Жалт ете қап толқынға тараса нұр.
Алтын жапырақ қайыңнан құлап жатыр,
Өрнек сап су бетіне тамаша бір.
Дегені ме кетпесін өкпек өтіп,
Құстар да қалыпты ғой шетке кетіп.
Ажарын сұлу жаздың тайсалдырып,
Томсартыпты гүлдерді өкпелетіп.
Даланың сарғыш тартып атырабы,
Күз тырнағын гүлдерге батырады.
Өмірдің өзі-дағы далаға ұқсас:
Көктем күліп, күз ойлы жатыр әне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңдағы бұлақ

  • 0
  • 0

Жақпар тас, жасыл орман, қарлы тауым,
Серігі долы дауыл, мәңгі жауын.
Серпілсе көк көбесі жалын атып,
Сүйемін жәйдің шынды аймалауын.

Толық

Ақ жаңбыр

  • 0
  • 0

Күн салқын.
Төкті жаңбыр толасы жоқ.
Қызықсың ғой өмір-ай,
Таласы көп...

Толық

Кінәла мейлің

  • 0
  • 0

Кінәла мейлің,
уайымшылсың деп мені,
Кіналамаса болғаны —
адамдықтың өткелі.

Толық

Қарап көріңіз