Өлең, жыр, ақындар

Кеудеде үнсіз ұдай

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1192
Кеудеде үнсіз ұдай дүрсіл қағып,
Тебіренбей сезіммен тұрсың неғып.
Сөндің бе, жанбай жатып, жалындамай,
Күйкі өмір күйбеңімен жүрсің лағып.
Қайда сол бір кездерің жалын атқан,
Бар еді ғой бір мөлдір жарып аққан.
Долы желге үздіріп қызғалдағын,
Төкті ме екен, әлде ерте көрін ақпан.
Теңіздей кейде тыншып қалушы едің,
Кейде толқып деміңді алушы едің.
Махаббаттың жалынды алауында
Үнсіз ғана жалындап жанушы едің.
Кейде бір соғатынсың дауыл болып,
Төгетінсің нөсерлі жалын болып.
Қайда сол бір найзағай жарқылдайтын,
Жүр ғой сені сөндіге жауың жорып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дос туралы

  • 0
  • 2

Достың сөзі жалынды,
Достың сөзі нанымды.
Аярмысың дос үшін,
Ақырғы үзім наныңды.

Толық

Дала — мерген

  • 0
  • 0

Жанымды жаз ұқпасаң, күз ұғарсың,
Жиренерсің немесе қызығарсың.
Кетейінші, кең дала, кезіп сені,
Жолдарымның соқпақты ізі қалсын.

Толық

Туған жердің бұлағы

  • 0
  • 1

Толқыны асыр салған бағы қырда,
Керемет бұлқыныс бар ағынында.
Соқтырған жүрегімді қанымдайсың,
Тулаған алпыс екі тамырымда.

Толық

Қарап көріңіз