Өлең, жыр, ақындар

Дала — мерген

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1231
Жанымды жаз ұқпасаң, күз ұғарсың,
Жиренерсің немесе қызығарсың.
Кетейінші, кең дала, кезіп сені,
Жолдарымның соқпақты ізі қалсын.
Шұбырған уақыт — өмір керуені,
Бірде зулап, ал бірде керігеді.
Адамдар да сол көштен аумай қалған,
Аласа боп, биік боп көрінеді.
Адамдар бар өмірге қарайтын шын,
Жылжытыпты тек солар өмір көшін.
Ал олар биіктіктен құламаған.
Қаншама мұжығанмен жел іргесін.
О баста-ақ адамдарға сана берген,
Өмірге қызық, қайғы ала келген.
Ғасыр көші үстінен таптап кетіп,
Жатыпты батып мұңға дала белден.
Жоқтықты көздеп атқан дала-мерген,
Ұлылық шықпас өніп қара жерден.
Атын жылдар ілгері алып қалып,
Ал, адам жер томпайтып қала берген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ қайыңдар

  • 0
  • 0

Ақ қайыңдар алқаптарды алқымдап,
Кешкі арай жатыр шынды алтындап.
Самал желмен желпінеді тау тұтас,
Бой жазып бір таза ауада салқындап.

Толық

Бұқтарма

  • 0
  • 0

Таласым жоқ, еркесің сен, Бұқтарма,
Ақын, бірақ, айбарыңнан ықтар ма.
Бейне сенің толқыныңнан аумаған,
Сүйреп келем арман атты жүкті алға.

Толық

Бір ауыл бар

  • 0
  • 0

Бір ауыл бар Қаратау бөктерінде,
Бұлбұлы құштар еткен төккен үнге.
Қол бұлғайды ақша бұлт
Алыстан-ақ,

Толық

Қарап көріңіз