Өлең, жыр, ақындар

Бұқтарма

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1558
Таласым жоқ, еркесің сен, Бұқтарма,
Ақын, бірақ, айбарыңнан ықтар ма.
Бейне сенің толқыныңнан аумаған,
Сүйреп келем арман атты жүкті алға.
Аңсап келдім ат арытып алыстан,
Толқыныңды тепкілескен, алысқан.
Қалып жатыр қолын бұлғап бұйра тал,
Қалып жатыр жағалауың жарысқан.
Жүзіп келем ақ төсіңді тілгілеп,
Табаныма төселгендей кіл жібек.
Қараймын мен жанарымды ала алмай,
Таулар – дағы сағыныштан тұр жүдеп.
Жұбанарлық көңіліме нәр салып,
Ауыл болып тұрған шақта қарсы алып.
Қалай ғана балаға ұсап кетпессің,
Иығыңнан түскендей бір барша жүк.
Таласым жоқ, еркесің сен, Бұқтарма,
Ақын, бірақ, айбарыңнан ықтар ма.
Бейне сенің толқыныңнан аумаған,
Сүйреп келем арман атты жүкті алға.
* * *
Бұлдырайды алыстан тау сағыммен,
Көркіңді қашан айтып тауыса алдым мен.
Ұйқыдағы сезімді дүр сілкінтіп,
Көктем — ару желпиді саусағымен.
Жұпарын бақтарға жүр бүркіп өтіп,
Гүлге бөлеп даласын, бір түлетіп,
Құдіретіңе дау бар ма, балғын көктем,
Өзіңсің қойған мені сыршыл етіп.
Тасқының боп дүркіреп жөнейін мен,
Күміс күлкі құйылса көмейіңнен.
Көктем — шабыт, көңілімді тербете бер,
Күмбірлеген күй төгіп көрейін мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талма түс

  • 0
  • 0

Талма түс.
Күннің көзі неғылған өртең еді,
Жер тарпиды шопанның кертөбелі.
Жылқы құлап суатқа бара жатыр,

Толық

Апталар

  • 0
  • 0

Өтіп жатыр сағынышты апталар,
Өтіп жатыр келмей сенен хат-хабар.
Өтіп жатыр өзекті өртеп өкініш,
Өтіп жатыр емес уақыт тоқталар.

Толық

Қимайды көңіл...

  • 0
  • 0

Біреуге ерте бұл ажал,
Біреуге кештеп келуде.
Білмесең де, өмірде
Қимайды көңіл өлімге...

Толық

Қарап көріңіз