Өлең, жыр, ақындар

Көңілге біз қонақпыз

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3178
Бұл өмірге түстенген,
Жолаушымыз бәріміз.
Асты бірдей ішкенмен,
Бірдей емес арымыз
Біреуде ар жетерлік,
Айдынына жүзем мен.
Кейде шүкір етерлік,
Кейде күдер үзем мен.
Екі аяқты адам бар,
Тұрмайтын да даттасаң.
Кейде құтты қадамдар,
Кейде қырсық аттасаң,
Көңілге біз қонақпыз,
Көңілге жан сусындар.
Аңқау, әлде олақпыз,
Ал, біреулер, қусыңдар
* * *
Сыйламас тағдыр ұдай шұжықтарын,
Сыйламас саған жалын қызықтарын.
Татқан сайын өмірдің ащы сырын,
Тереңдейді маңдайда сызық қалың.
Қашсаң іздеп қиындық табады да,
Салады мықтап тұрып табанына.
Тарттырсаң да, о өмір, азабыңды,
Тілейтінім, жаманға таба қылма.
Өмір бірде қып-қызыл гүл жайнаған,
Қылықты қыз сияқты тіл байлаған.
Тартысы жоқ тек қызық болса онда,
Жап-жас күйі, қартаймай тұрмай ма адам.
Тартқан білер өмірдің қасіретін,
Сонда да мен емес бас иетін.
Жамандар надандығын сездірмесе,
Жақсылар, болмас еді-ау қасиетің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырласу

  • 0
  • 0

Дауылды болды көктемдер,
Жауынды болды көктемдер.
Ақ талдар, мені сөкпеңдер,
Содан ба ерте ағардың.

Толық

Гүлбахор

  • 0
  • 0

Жаны нәзік,
Үлбірек мақтасындай,
Сазы нәзік
Айтатын жатқа тынбай,

Толық

Таң самалы

  • 0
  • 0

Теңіз ерте ұйқысынан оянды,
Толқын жүзі таң нұрына боялды.
Таң самалы тереземнен енгенде,
Көңіл қалай хош иісіне тоя алды.

Толық

Қарап көріңіз