Өлең, жыр, ақындар

Ән шарбаты

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2116
1
Отыр, достым, жыр жазайық,
Ән төгіп бір көмейден.
Қара шашың мүлде азайып,
Ақ талдары көбейген.
Отыр, достым, асықпалық,
Ән шарбатын ішейік.
Сендік көңіл тасып барып,
Соққан дауыл күшейіп.
Айтшы, достым, айтшы тіптен,
Әсем саздың лирикасын.
Кеудедегі қасірет біткен,
Күл-талқан боп қирасын.
2
Шөліркесіп ішкен бал бұлақ,
Бейне бір тәтті шырындай.
Құмартқан жаным балбырап,
Қалған да емес жылынбай.
Жолдар да жатыр бұралып,
Асу бермес белестер.
Көз алдымда тұр анық,
Сол бір ғажап елестер.
Жадымнан шықпай қалған-ды,
Сенің жарқын кескінің.
Арман болып жалғанды,
Әніңді қайта естідім.
Кейде-кейде толқын бетінен,
Көшеді сол бір нәзік ән.
Шертші, шертші өтінем,
Қайда, әлгі сырлы домбыраң.
Достар, қайда жүрсіңдер құшақтасқан,
Қара көзге жаудырап ұқсапты аспан.
Мына менің жанымда жоқ тыныштық,
Белгісіз бір сезімнің күші ап қашқан.
Гүлдер, қайда кеттіңдер дөңгеленген,
Теруші ек іздеп барып дөң-белеңнен.
Кетіпсің-ау алыстап аққу шағым,
Қиқуыңа мөп-мөлдір көл бөленген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баянтау

  • 0
  • 0

Неге оны Баян-жүрек атады екен,
Осынау тау жанға жылы ата мекен.
Бір кезде бабам көшкен қара нардай,
Созылып кеп жазыққа жатады екен.

Толық

Палатадағы ой

  • 0
  • 0

Бұл ұйқы бұрын былай сергек пе еді,
Ақ арман анашымдай тербеп пе еді.
Қырмызы түннен тағы маза қашты,
Сан ойлар жиналған соң жер-көктегі.

Толық

Күндемеңдер

  • 0
  • 0

Ен далада еркін өстім,
Кең өстім,
Қаққан емес маңдайымнан мені ешкім,
Өз басыма осы бақыт жетеді,

Толық

Қарап көріңіз