Өлең, жыр, ақындар

Гүл

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6738
Еменнің жалғыз түбірі,
Тұратын шыңның үстінде.
Жетпесе желдің күбірі,
Жеткен емес ешкім де.
Сол маңда гүлдер өте көп,
Теруге мен де барғанмын.
Сан қиял кеткен жетелеп,
Самалы желпіп орманның.
Дір ете қалып жапырақ,
Сауылдап жерге құйылған.
Мүлгіген тыныш атырап,
Селк ете қалып құйыннан.
Құйын жүр жұлқып әр талды,
Дірілдейді ақ қайың.
Суық тер шайып арқамды,
Ілгері қарай аттайын.
Сан тұсқа жолдар бұрылған,
Сан тұсқа барып тұйықтап.
Жапырақтар сәуле құйынған,
Орман кеші ұйықтап.
Қалың ағаш тоғайда
Жүрмін кезіп адасып.
Қоюлық орнап маңайда,
Жасқа толды қарашық.
Екі көзді шарт жұмып,
Өкпем өшіп жүгірем.
Алға қарай тартты үміт,
Кейде шаршап бүгілем.
Шықтым өрге алқынып,
Жеттім жартас маңына.
Қалды бір сәт жан тынып,
Маңай тұр гүлге малына.
Гүлдерді бірақ үзбедім,
Балтырымды гүл құшты.
Ішінен бірін іздедім,
Хош иісті, тым күшті.
Іздедім қанша шаршадым,
Маңайды қою түн жапты.
Аңқиды исі аршаның,
Құстар әнін тыңдатты.
Таңғы самал оятты,
Кетіпті шындар ұйықтап.
Гүл — ернін орман бояпты,
Орман таңы сүйікті-ақ.
Көзіме оттай басылған,
Үздім барып біреуін.
Жапырақ жая ашылған
Сол болып жалғыз тілеуім.
Әкеліп үйге орнаттым,
Гүл ажары өзгерді.
Күн сайын жанды торлап мұң,
Өзгергенін көз көрді.
Айналды гүлім шеңгелге,
Жаралады жүректі.
Бір күйге қалдым сенделме,
Бір қанша солай жыл өтті.
Ақыры сол бір бүршіктен,
Титімдей гүл ашылды.
Тікенектен түршіккен,
Жас гүлге жаным бас ұрды.
Тікенектен бөлектеп,
Ектім гүлді жекелеп.
Келем соны өбектеп,
Келем күнде жетелеп.
Гүл дейтіндер өте көп,
Бәрі де оның гүл емес.
Алдамшы үміт жетелеп,
Алдамасын күр елес.
Гүлдерге біз көбіне,
Келеміз-ау қызыққыш.
Көктемнен де гүл сырын,
Болады екен күз ұққыш.
Көктемде гүл көп болар,
Танымасаң азап-ақ.
Уақыты өтсе жоқ болар,
Табиғат та ғажап-ақ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілде көп қой

  • 0
  • 0

Көңілде көп қой ой да, алаңым да,
Өзіндік әуен жатыр әр ағында.
Жасың емес өртеген өзегіңді,
Жанайын ұшқын болып жанарында.

Толық

Алтын бесік

  • 0
  • 0

Қиялды Алтынбесік тербеді ме,
Көңіл кетті қанатын сермеді де.
Тасқындап қалайын бір нөсердейін,
Орамай тұрғанда жер жөргегіне.

Толық

Палатадағы ой

  • 0
  • 0

Бұл ұйқы бұрын былай сергек пе еді,
Ақ арман анашымдай тербеп пе еді.
Қырмызы түннен тағы маза қашты,
Сан ойлар жиналған соң жер-көктегі.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар