Өлең, жыр, ақындар

Мырзашөл гүлі

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2224
Сыйладың маған, жұртым, дала гүлін,
Өзіңнен тасқын шабыт алады үнім.
Кешегі құлазыған Мырзашөл бұл,
Кетіпті гүлге айналып дала бүгін.
Мен қарап келбетіңе сұқтанамын.
Сырыңды бұрын қалай ұқпағанмын.
Өкініш болар еді-ау ақын үшін,
Өзіңе бет алып бір шықпағаным.
Мен тұрмын сол даланды кешіп бүгін,
Мені мына күтумен кешікті күн.
Өзі де гүлге айналып отыр халқым,
Ен далада жүрсе егер көшіп бұрын.
О, ағайын ісіңе сүйсінемін,
Әлде бір жаның дауыл күйші ме едің.
Отырып қалсам егер сыртқа шықпай,
Шақырдың мені ұдайы, жүршіледің.
Әлде бір жаралып па ең күш ағыннан,
Кете алмаймын сытылып құшағыңнан.
Жүруші едім құлазып, көңіл алаң,
Сағынышың екен ғой құса қылған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кең дүние

  • 0
  • 0

Мынау дүние өте кең,
Кеңдікте неге ойламан.
Жастық жалын от екен,
Өзекті шарпи бойлаған.

Толық

Қайран, талқы таулары-ай!

  • 0
  • 0

Өлеңнің өніп жатса тасқа гүлі,
Жұртына жетіп жатса асқақ үні.
Табаны аумай өтсе туған жерден
Адамның болар ма екен басқа мұңы?!

Толық

Өкінішке оранып...

  • 0
  • 0

Адамның тірлікте
құмарта өпкені,
Көл-көсір дүние
гүл атқан көктемі.

Толық

Қарап көріңіз