Өлең, жыр, ақындар

Жарық жұлдыз

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2518
Сол кеште бір жарық жұлдыз тұрды маздап көгімде,
Сан сырларды толқытты да өн үйірді көңілге.
Сол кеште бір салқын самал желпіп өтті ерекше,
Дүние дел-сал, түсім бе, әлде өңім бе.
Сол бір жұлдыз ойлар кешкен ғұламадай тұңғиық,
Соған ғана сұқтанғандай
дүние тыншып тұрды ұйып.
Сол бір жұлдыз жалт етті де, жалын атты жанардай,
Бұл жаныма шымыр-шымыр
сыңғыраған сыр құйып,
Таулар қалғып тәтті ұйқыға бөлегенде қыр үстін,
Толасы жоқ сол жұлдыздан
жалтырайтын бір ұшқын.
Көл біткенді жаутаңдатып, жаудыратып өзіне,
Жалт бергенде түн сейіліп, оралатын күміс күн.
Сол бір жұлдыз жүрер еді көңіл шыңын мекендеп,
Кейбіреулер ұмтылатын жетпесе де жетем деп.
Сол жұлдызды көрген сайын шексіз аспан төрінен,
Күбірлеймін, биігінен құлап кетпесе екен деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл

  • 0
  • 0

Еменнің жалғыз түбірі,
Тұратын шыңның үстінде.
Жетпесе желдің күбірі,
Жеткен емес ешкім де.

Толық

Сенім

  • 0
  • 0

Өзің барда көрмеспін де күрсініп,
Өз күшіне енді мына тіршілік.
Тартсам да мен бір сен үшін азапты,
Табынбаспын, тағдырыңа құлшынып!..

Толық

От боп жанып

  • 0
  • 0

Барып едім, от боп жанып, ыссылап,
Салқын екен, сіз тұрған жақ, мұздатты.
Сақылдаған тау өзенін ішіп ап,
Әжімдері қатпар-қатпар күз жатты.

Толық

Қарап көріңіз