Өлең, жыр, ақындар

Әлдилейді толқындар

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1116
Ертісті бойлап төмен жүзіп келем,
Балықшы отыр қармағын сүзіп терең.
Қайығыма жармасып қалып жатыр,
Осынау толқын сырын қызық көрем.
Қызық көрем толқынның асыққанын,
Құяды жаңбыр жолдың басып шаңын.
Дірілдетіп үстіне қондырады,
Асау Ертіс даланың ашық таңын.
Толқындар көше өтеді дүрілдетіп,
Денемді бір мұздатып, дірілдетіп,
Балықшы жүр алысып толқынменен,
Қорқыныш жоқ ешқандай түрінде түк.
Алауланып даланың арай таңы,
Сыңғырлап Ертіс ғажап ән айтады.
Сылқ-сылқ күліп біресе сыбырлайды,
Таусылмайтын ақынға бар айтары.
Маңғаз қарап құздардың алып шыңы,
Тынбай кезіп самал да талықсыды.
Күміс үнді, көңілді күйге көшіп,
Әлдилейді толқындар балықшыны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілде көп қой

  • 0
  • 0

Көңілде көп қой ой да, алаңым да,
Өзіндік әуен жатыр әр ағында.
Жасың емес өртеген өзегіңді,
Жанайын ұшқын болып жанарында.

Толық

Қына басқан қарағай

  • 0
  • 0

Салмағын салса да оған мынау аспан,
Күлместен,
Күңіренбестен,
Жыламастан,

Толық

Малта тас

  • 0
  • 0

Әдемі, қандай жұмыр малта тасың,
Толқындар көрсетпейді жайса шашын.
Тапжылмай, көл жиектеп жату үшін,
Сұрапыл дауылмен де шайқасасың.

Толық

Қарап көріңіз