Өлең, жыр, ақындар

Түнгі шумақтар

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1568
Елтідім мен сол күні,
Жұпар ауа исіне.
Ұқсап бір кеткен айналам
Тебіренген күйшіге.
Ғашық едім сол күні
Таудың таңсық көркіне.
Баурап алған бір жола
Дала өзінің еркіне.
Ағып жатты арындап
Тасқынды тау өзені,
Шипа болып жаныңның
Айықпастай дертіне.
Ғашық едім сол күні
Жаңылардай есімнен,
Соншама нәзік желпи кеп
Салқын самал есілген.
Ақша бұлттар қанаты
Талмап еді-ау кешуден,
Сол суретті жанарға —
Өшпестей ғып көшіргем.
Көріп ем ғой сол күні,
Айдың-дағы нұрлысын.
Тағдырым маған сыйлаған
Сұлу түннің сыр күшін.
Биік тұрды–ау бәрінен —
Көңілден өшпес бір мүсін...
* * *
Тұнық көл жатты толқындап,
Көк желекті қырды ассам,
Самал жел алып қашардай
Кеудем толы сырды ашсам.
Қызғанды білем мендегі —
Тулаған қызу жүректі,
Түндіктей жауып төбемді —
Төңкеріліп тұрды аспан.
Даланың сол бір суретін,
Айтуға тіл жетпеген.
Алау едім сол кеште,
Ойнап едім отпенен,
Айлы түнді әлдилеп,
Елжірейді көк белең.
Садақа бұл өмірім —
Ғашық болып өтпеген.
Сол кеште жақын көрінді —
Жұлдызым қол жетпеген



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күрең шай

  • 0
  • 0

Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Күрең шәйдан ұрттасам
Қайраттанам.

Толық

Жандардың ұға бермес кез келгені

  • 0
  • 0

Жырла деп,
Жүрегімді сөз кернеді.
Оның да айтары бар,
Айтпасы бар,

Толық

Асау арна

  • 0
  • 0

Сезімнің өзі де бір асау арна,
Жатпайды ол тығылып тасаларда.
Келер ол көктем болып,
Күй бөктеріп,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар