Өлең, жыр, ақындар

Ән мұнарасы

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1861
Арқаның әнге бөлер шырын кешін
Жаныма қандай жақын Сырымбетім.
Ақанның асқақ дауыс,
Асыл сырын
Тыңдап бір қыз жүрегі дірілдесін.
Ән ғой бұл шығаратын шеріңнен бір,
Тасытқан шабыттан жыр,
Көңілден нұр.
Секілді әннің зәулім мұнарасы
Ғаламат әуендермен өрілген бұл.
Есінде жүрген сақтап елі мәңгі,
Түсінем мен ерекше сері жанды.
«Сырымбет» сырнайласа бір қиырдан,
Даланың көтереді желі де әнді.
Аққулар жұп-жұбымен көлге қонып,
Билейді ән сазына дөңгеленіп.
Тыңдайды елең-елең еліктер де
Таң алды бара жатқан дөңнен еріп.
Төсінде жатқан жомарт құба жонның
Тыңдайды әнді үйірі Құлагердің.
Тыңдайды Оқжетпес те,
Бурабай да
Сырына балқығандай бұл әуеннің.
Тыңдаған байтақ дала,
Ғұлама шың
Естісең «Сырымбетті» қуанасың.
Кетіпті қолдан соғып қайран Ақан
Өнердің мұнар шалмас мұнарасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен неге кеш ұқтым...

  • 0
  • 0

Барады бұлттарды кешіп күн,
Сәулесі жер бетін есіп мың.
Далада еркіндеп өсіппін,
Жыл озды мен біраз кешіктім.

Толық

Арқама сүйей түсіп талқы тауын

  • 0
  • 0

Әбілез Жүніске
Көрмеген пендеге ұқсап сағы сынып,
Дүние-ай!
Отыр жігіт ағытылып

Толық

Өмір соқпағы

  • 0
  • 0

Өмір деген емес ол атты кісі,
Толып жатыр бүкпесі, қақтығысы.
Қыз мінезді кейде бір сұлу көктем,
Келеді екен кейде оның қатты қысы.

Толық

Қарап көріңіз