Өлең, жыр, ақындар

Мен неге кеш ұқтым...

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1556
Барады бұлттарды кешіп күн,
Сәулесі жер бетін есіп мың.
Далада еркіндеп өсіппін,
Жыл озды мен біраз кешіктім.
Даланың тынысын есіттім,
Даланың суларын кешіппін.
Далада жатады көшіп күн,
Бірақ, мен бақытты кеш ұқтым.
Сенсіз бұл үйде ән де тынады!
Домбыра томсарып тұрады.
Сен келсең көңілге жаз орнап,
Салтанат-сауығын құрады.
Отырам сен жоқта қарайлап,
Іздейді қарайлап бар аймақ.
Отырам күтумен бөгеліп,
Таусылып қалғандай барар жақ.
Барады бұлттарды кешіп күн,
Сәулесі жер бетін есіп мың.
Мен неге бақытты кеш ұқтым,
Мен неге өмірден кешіктім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жағалаудағы ескерткіш

  • 0
  • 0

Жалғастырып кеттік біз саяхатты
Жанымыз жағалаудан сая тапты.
Еңселі ескерткіш тұр асқақ қарап,
Кескіні ойлы өрі парасатты,

Толық

Тентек

  • 0
  • 0

"Тентек су" деп тегін айтпай ел сені,
Өзің жайлы көп шертеді ертегі.
"Мың қарағай" тау арасы қайнарың,
Құлдырап кеп араладың өлкені.

Толық

Дауыл

  • 0
  • 0

Ақ боран ба, ақ дауыл ма,
соғады – ай көп бұрқақтап,
Ақ періште, ақ көбелек,
аспан төсін жүр қаптап,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар