Өлең, жыр, ақындар

Жаз тілі

  • 22.08.2018
  • 0
  • 2
  • 6806
Дидары жаздың жарқырап,
Жадырап күлді тағы жер:
Жасанған жасыл жау-жарақ,
Жайнады жазша жауынгер.
Трактор елде аршындап,
Бұзылды тыңдар, не бір бел:
Сіңіріп дәнді топырақ
Құлпыртты қырды егіндер.
Бұлақтар ақты сарқырап,
Шырқады бөбек өрімдер.
Ағаштар жайды жапырақ,
Шешегін атты не гүлдер.
Тізіліп көктің төрінде,
Тырналар қайтты көріңдер.
Соларды шолып, бір сұрақ
Қояйын, көңіл бөліңдер:
«Жеңудің кілті неде екен?
Сарқылмас күштің көзі не?»
Жаз тілі қалай дер екен,
Салыңдар құлақ сөзіне:
Жеңудің кілті ежелден —
Өшпейтін күнде, көсемде;
Ашынған көкте, еңбекте;
Жаралған бақ боп неше елге
Ырысты жерде, әлбетте!
Сүй деді нәрлі жас құрақ,
Сүй деді бұлақ сарқырап,
Тырна да солай тіл қатты,
Жамбылды солар жырлатты.
Немісті қожа тұтқан ел,
Болған жоқ ешбір қоғамда!
Сабасы толық өзендер
Сарқылмақ па екен Дунайға?
Бәйтерек, қайың, емендер
Бас имек пе екен қурайға?
Тұйғынға жүрген төбеңде,
Жарбаңдап ұшқан төменде
Жапалақ бөгет болар ма?
Халықтың қамы дегендер
Басқаға бодам болған ба!
Қуатты жаздай құлпырып,
Шығамыз жайнап мейрамға.
Қаһарменен ұмтылып,
«Кіреміз қатты майданға.
Жеңімпаз қолда туларың,
Сталин бірге, ұлдарым,
Бастайды жаудан таймауға!



Пікірлер (2)

Еркебулан

керемет

Еркебулан

тамаша

Пікір қалдырыңыз

Менің өмірім

  • 0
  • 14

Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.

Толық

Жаңа жыл сәлемі

  • 0
  • 0

Жастар маған гүл тартып,
Мен жастарға жыр тартып,
Жаңа жылды тойлағам.
Жан қызыққа құмартып,

Толық

Тәйті мен Шыбыл шалға

  • 0
  • 2

Қажыдан кеше ғана келді дерек,
Союға мал, шашуға ақша керек.
Тәйтекем, ұжмақтан орын тапты,
Қаза тауып, жарықтық, елден ерек.

Толық

Қарап көріңіз