Өлең, жыр, ақындар

Шәкірт балаларға

  • 21.08.2018
  • 0
  • 4
  • 44831
Балдыраған балғын балалар,
Мойнына қызыл байлаған»
Майысып сұлу мәуесі
Түрлерің гүлдей жайнаған.
Мектеп боп ынтық — әуесі,
Жасынан білім ойлаған.
Айналам сендей жеткіншек,
Қарасам көзім — тоймаған.
Мәуелі сендер бәйшешек
Өмірдің жазын тойлаған.
Ұялы мен бір бәйтерек
Ортаңда көктеп бойлаған.
Сендерді қоссам жырыма
Саңқылдап үнім сайраған.
Қаздаңдап кірі саусағым
Ішекте бойлап ойнаған.
Мектептен сендер келгенше
Тағы да бір жыр ойланам,
Келген соң айтып бермесем,
Балалар, кінә қой маған!



Пікірлер (4)

Асем

негізі бұл дұрыс нұсқасы емес мен бұны Ж.Жабаевтың кітабынан оқығам кейбір адамдар өтірік қандай болсасондай қылып сала береді

Еділ

Негізі бұл дұрыс, қазіргі кітіаптарға сенім жоқ

Мейржанシ︎

Казр кітапта деген сенім жок бул дурыс емес

Дарига Муратбек

Жамбыл Жабаев

Пікір қалдырыңыз

Жаз тілі

  • 0
  • 2

Дидары жаздың жарқырап,
Жадырап күлді тағы жер:
Жасанған жасыл жау-жарақ,
Жайнады жазша жауынгер.

Толық

Қыйсыбайға

  • 0
  • 0

Ей, Қыйсыбай, Қыйсыбай!
Бері қарашы қымсынбай.
Шапаныңды бергенше,
Көңілім тұр тыншымай.

Толық

Халықтың сәлемі

  • 0
  • 1

Домбырасын серік қып
Өткізді Жамбыл ғасырды.
Өлеңді төгіп, өрнектеп
Асулардан асырды.

Толық

Қарап көріңіз