Өлең, жыр, ақындар

Жаз

  • 19.08.2018
  • 1
  • 4
  • 21717
Жаз жайнап, жан-жануар жанаттанған,
Жадырап май айында науаттанған,
Су ағып, жер айналып жанарланған,
Жиһанда біздің таңдай таң атпаған,
Жарқылдап жабырқаусыз жайдары жан,
Жұлқынып жазғы егіске жарақтанған.
Шыңына шыбық шаншып, гүл түлетіп,
Сайлы елім саяхатқа саяттанған,
Қой қоздап, түйе боздап, құлын қунап,
Даланың төлі ойнақтап аяқтанған,
Бұзылмай айдын көлдің ақ қаймағы,
Құс шайқап балапаны қанаттанған.
Безесе кәрі Жамбыл қызыл тілін —
Хош көріп қазақ, қырғыз мадақтаған.
Бәйгеден күнде келген кәрі тарлан,
Бәрін де той, думанның аяқтаған.
Күй боздап домбырадан, өлең қоздап,
Қыз бұлғап орамалын қарап қалған,
Жүз жасап, жүз жаз көрген бұл Жамбылды
Ешбір жаз бүгінгідей қаратпаған.
Жазында Сталиннің жаңа жасап,
Кұлшындық қыран құстай тояттанған.
Жадырап, жаз гүлімен бірге гүлдеп
Тамырым алпыс екі тарап тұрған.



Пікірлер (4)

Нұрай

Керемет

Аяжан

Керемет❤

Наз

Керемет.Апай жаттауга берып еды

Ләйлім

Осыны айтамыз

Пікір қалдырыңыз

Орындалған ант туралы жыр

  • 0
  • 0

Ленинге ұлы нұрдайын
Жыр арнап оның дидарын
Тіл жеткенше сыйпаттап
Құяйын өлең балдайын,

Толық

«Қызыл жұлдызға» құттықтау

  • 0
  • 1

Қайраулы қылыш, найзадан,
Қаһарлы сөзі найзағай,
Талайдан мәлім ол маған:
Тәрбие сөзден талмаған,

Толық

Ақынға

  • 0
  • 1

Қара күндер қартайтты,
Қартаймайтын қаламды
Қара бақыр мыс етті
Күннен жарық адамды.

Толық

Қарап көріңіз