Өлең, жыр, ақындар

Батырлар ауылы

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5815
(Алдабергенов ескерткіші алдындағы ой)

Мынау тұрған —
Ауылы ма Батырдың,
Асқақ ардың,
Парасаттың, ақылдың.
Көрмей жүрген бала еді деп, шақырдың,
Ел-жұртыма еркелей кеп жатырмын.
Мынау тұрған —
Шаңырағы еңбектің,
Дүбіріңмен ой-қияны тербеттің.
Осында екен
Талай саңлақ, сайыпкер,
Сұлу қыздар өрнегіңдей ермектің.
Мынау ауыл —
Арманыңдай басқаның,
Биік ұстап тұрған жаңдар аспанын.
Батырлықтың туын дәйім
Толқытып,
Жаздырады күнде жаңа дастанын.
Осынау ауыл —
Елден ерек тұрғандай,
Көрген көңіл Қалмас, сірә, нұрланбай.
Толғантасың,
Тебірентесің соншама,
Жүрегімнен
Төгілетін жырлардай.
Кешегі бір
Елі сүйген жақсы аға,
Аты аңыз,
Ерлігі үлгі басқаға.
Жазылыпты өшпес алтын әріппен,
Жазылыпты
Дауыл күшпен тасқа да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білесің жұрт мінезін аралассаң

  • 0
  • 0

Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Қадамды қалт жібермес, жаза басқан.
Оң мен солға бұлтартпас сергек сезім,
Бас білмейтін асаудай ала қашқан.

Толық

Cарқырама қасында

  • 0
  • 0

Такаббар,
Талқы тауы көк тіреген!
Сол тауда қыран құстар кеп түлеген.
Еркесі сияқты еді,

Толық

Сайрам

  • 0
  • 0

Асығып бұлттар жөңкіді,
Көтеріліп құздардан.
Төменде Сайрам мөңкіді,
Соғылып, қайтып тік жардан.

Толық

Қарап көріңіз