Өлең, жыр, ақындар

Әнге қосып..

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 6463
Сағынармын, әнге дағы қосармын,
Сағыныштың бал шарбатын тосар күн.
Сағыныштан қайран төзім талықсыр,
Төзім деген —
Кең көсілген алып қыр.
Алып қырдың шығып кейде үстіне,
Үн қатамын тағдыр атты күштіге.
Күштіңменен күш сынасып көремін,
Жеңілмей-ақ табан тіреп келемін.
Өзің сақта, дауыстардан желге ұшқан,
Өзің сақта, қара күштен жер құшқан.
Өзің сақта,
Қалғаннан да тыныстап,
Мықтылықтан таулар өзін тұр ұстап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғалдақтар

  • 0
  • 0

Басқа күнге ұқсамайды бұл күнім,
Бұл не ғажап қаптап кеткен бұлбұл үн.
Көктем қыздың тарамдалып төсінен,
Бұралады сұлу толқын мың бұрым.

Толық

Кереку кеші

  • 0
  • 0

Даусыңның қоңырын-ай,
Майдасын-ай!
Барады жыр-толқындар ойға сыймай.
Кәдімгі Керекуден ән боратқан,

Толық

Қос басында

  • 0
  • 0

Қандай жақсы, дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп қалады осы.
Шардараны көңілді
Күйге бөлеп,

Толық

Қарап көріңіз