Өлең, жыр, ақындар

Ауыл әсерлі

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3496
Өзіңе келсем шаттанам,
Бөленіп көңіл күйге бір.
Жадырап, жайнап аттанам,
Өнгендей болып үйге гүл.
Сағынам шалқар қарымды,
Жосылтып шығар күреңмен.
Қиылып айтқан сырыңды,
Есімде сақтап жүрем мен.
Ойнақтап тұрса ерке жыр,
Ақынға бермей тізгінін.
Жүректің қылын шерте біл,
Самал боп шайқап түз гүлін.
Бәйгеге тұлпар жаратып,
Баулиды ұлын ер шопан.
Жұрт назарын қаратып,
Иыққа жауып кең шапан...
Бозторғай шырқап тәтті әнге,
Қалықтап тұрып алады.
Бұлтсыз аспан, ақ сәуле,
Бәрі де есте қалады.
Көбелек қуып, гүл терген,
Көлбеңдеп өтті-ау көктемім...
Еске де салып бұл серуен,
Ескертті жылдар өткенін...
Санаулы уақыт тез өтті,
Жанарынан нұр ұшып.
Тіршілік, күйбең кезекті,
Кетесің тағы кірісіп...
Бар еді-ау, қыздар ақылды,
Ауылдың гүлі, көркі еді!
Кезекпен бәрі шақырды,
Өткенді сыр ғып шертеді.
Отау боп отыр жарасып,
Шетінен сылқым ерке еді!..
Отты еді-ау, күндер,
Отты едің, өкініп текке өтпедің.
Сенің де көп қой жеткенің,
Жасқандырар жат көзін,
Тілектесім көп менің!..
Келгенім көптен бұл менің,
Сағынған екен, ел күтіп.
Соғады самал бір керім,
Еркелеп әрі, сергітіп!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сарқырама қасында

  • 0
  • 0

Такаббар,
Талқы тауы көк тіреген!
Сол тауда қыран құстар кеп түлеген.
Еркесі сияқты еді,

Толық

Бас киім

  • 0
  • 0

Көкжиектен әрі аунап,
Күн де батып кеткен-ді.
Дала жүзі алаулап,
Ақырғы рет өпкен-ді.

Толық

Әже әлдиі

  • 0
  • 1

Әлди-әлди, бөбегім, балапаным,
Сен үшін кеудемнен нұр тартамын.
Қыран болып самғарсың,
Төменде қалып заңғар шың.

Толық

Қарап көріңіз