Өлең, жыр, ақындар

Әже әлдиі

  • 04.04.2019
  • 0
  • 1
  • 10825
(әні бар)

Әлди-әлди, бөбегім, балапаным,
Сен үшін кеудемнен нұр тартамын.
Қыран болып самғарсың,
Төменде қалып заңғар шың.
Даланың гүлісің
Әлди, бөбегім.
Әлди-әлди, бөбегім, қуанышым,
Әжең айтқан әуенін ұғамысың.
Кетпесін сенің тынышың,
Төгілсін күй боп күміс үн.
Аспанның күнісің
Әлди бөбегім.
Әлди-әлди, бөбегім, арман құсым,
Әже үмітін ілгері жалғармысың,
Әжең онда қартаймас,
Көңіл көлі ортаймас,
Нұрландыр түн ішін
Әлди, бөбегім.



Пікірлер (1)

Ерасыл

Күшті екен.Маған ұнады,бірақ ұзақ екен.Сонда да ұнады

Пікір қалдырыңыз

Кереку кеші

  • 0
  • 0

Даусыңның қоңырын-ай,
Майдасын-ай!
Барады жыр-толқындар ойға сыймай.
Кәдімгі Керекуден ән боратқан,

Толық

Гүлбахор

  • 0
  • 0

Жаны нәзік,
Үлбірек мақтасындай,
Сазы нәзік
Айтатын жатқа тынбай,

Толық

Аманат..

  • 0
  • 0

Мен бүгін қарап тұрмын тамашалап,
Мінеки, өмір-дағы жаңашарақ.
Кешегі биік деген аласарақ,
Жан толқыр, жаңалыққа қарасаң-ақ!

Толық

Қарап көріңіз