Өлең, жыр, ақындар

1980

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1439
Жаңа жыл! Кештеріңді жақсы көрем,
Жандарға сыйлайтұғын шаттық ерен.
Жүректі жалынға орап жандырады,
Жарысып, екі тентек жастық, өлең...
Көңілді күйге оранды далам бүгін,
Сыйым — өлең, ұсынған саған бүгін.
Аппақ күнде тілеймін қашан да мен,
Адал жанды жандардың амандығын.
Ақ тілекті ұшырып қарлығаш қып,
Ән болып, өзіміз де өнеге ұластық.
Ажары ақша қардай арулардың
Тілеймін, жанарына мәңгі жастық!
Адамды асықтырған биіктерге,
Шертіліп тұрсын дәйім, үміт — перне.
Перзентхана үйіне сәттілік бер,
Ақыл, айбат, жалын бер жігіттерге.
Дарытпа сараңдықты ер көңілге,
Тыныштық шалқып жатсын жөргегінде.
Татулық бер, жандардың бәріне де
Жасайтұғын осынау жерде бірге!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасыл жапырақ Қ.Н-қа

  • 0
  • 0

Тез болды барғаныңнан оралғаның,
Демеймін жүгі жеңіл жол-арнаның.
Сол елді қайта көріп,
Қайта құшу —

Толық

Ақ жеңешем

  • 0
  • 0

О дариға, жарын күткен жас келін,
Ол кезде сен гүлдей нәзік,жас та едің.
Түнгі аспанда жұлдыз күліп, ай туса,
Көз алдыма келер сенің қас-көзің.

Толық

Арай құшып

  • 0
  • 0

Бір өсем күй естіртті далан маған,
Жаман екен сыртқа ойың алаңдаған.
Араға ұсап отырмын гүлге қонған,
Қанша жұтып шырынын ала алмаған.

Толық

Қарап көріңіз