Өлең, жыр, ақындар

Өлеңмен әлдилеп

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1295
(Ақын Мариям Хакімжановаға)

1
Өткен күнге тіл қатып сыр кешіп ем,
Мұң-зар көшіп жатыпты-ау, қыр төсінен.
Құйылып құз-қиядан бір әсем күй,
Қазақтың ән өріпті күркесінен.
Ақ қайыңдар бүрінен шық тамдырып,
Алтын күн ұясынан шыққан күліп.
Келіпті сонда өмірге бір ақын қыз,
Жанарын дүниенің сұқтандырып.
Қағып алып қыз даусын самал-дағы,
Бұлттар жасын егіліп тарамдады.
Биікке көтерілді жыр-қарлығаш,
Ақ тілегін ағынан таң арнады...
2
Балқығандай бар маңай манаураған,
Бұлт толқындар үстінде ай аунаған.
Ақын отыр кеудесін жырға малып,
Алпысты арқалаған аяулы анам.
Тербетіп жапырағын ән-күйменен,
Мақпал түн құшағында қалғиды емен.
Қарт емендей қажымай қиындыққа,
Ақын жүрек өлеңін әлдилеген.
Жыл озғанмен күндерін алмастырып,
Шарқ ұрмай ақын қиял қалмас тұрып.
Алпыс қырдан асыпты-ау ақын апа,
Өмірменен өлеңін жалғастырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыл

  • 0
  • 0

Ақ боран ба, ақ дауыл ма,
соғады – ай көп бұрқақтап,
Ақ періште, ақ көбелек,
аспан төсін жүр қаптап,

Толық

Әкеме хат

  • 0
  • 0

Айып етпе, есіме алам бүгін,
Өтті ғой ерке, тентек балаң күнім,
Асауға бас білмейтін құрық салып,
Арқалатты бір үйдің тәмам жүгін.

Толық

Наз

  • 0
  • 0

Арманға құлшындырар сенім деген,
Жоқ, сірә, бөтендігің сенің менен.
Сәттілік көрген сайын қадамыңнан
Сергимін,

Толық

Қарап көріңіз