Өлең, жыр, ақындар

Басқа жыл

  • 17.04.2015
  • 1
  • 3
  • 19740
Ертең жұрт басқа жылды қарсы алады.
Тамашалап, күй тартып, ән салады.
Би билейді жастар да, кәрілер де,
Ұмыт болып жыл бойы шаршағаны.
Жайылған ақ дастарқан - ақ көңілдер.
Әжелер, балалар шат, шат келіндер.
Бәріңе айтатыным - бір-ақ тілек,
Бәрің де бақ көріңдер!
Бақ көріңдер!
Ертең жұрт қарсы алады басқа жылды.
(Тұрса екен тұман баспай аспанымды.)
Ертең мен түні бойы ұйықтамаймын,
Ұмытамын сырқатты, баста мұңды.
Басқа жыл келгенінше жер бетімен,
Құшақтап Дүниені тербетілем.
Ертең мен барлығынан айығамын,
Бір сүйіп Жаңа күннің келбетінен.
Бүрсігүні басқа жыл басталады.
Шал тұрар,
Қырау-қырау қас-қабағы.
Пенсияға шығуға таяды қарт,
Тағына отырғызып жас баланы.



Пікірлер (3)

Кəусар

Мен осы өлеңді өте қатты жақсы көремін

Кəусар

Мен Мұқағали Мақатайев атамыздың өлең əндерін өте өте қатты жақсы көремін

Талшын Төлеубек

Бұл өте керемет өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Жетінші ноябрь, Алматы

  • 1
  • 4

Бәрі де ұнасымды:
Неше тәулік түнерген күн ашылды,
Алаңдарды кернеген сән-салтанат,
Асылып Алатауға құлаш ұрды.

Толық

Бақыт деген

  • 1
  • 17

«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің

Толық

Өледі кімдер, туады кімдер

  • 1
  • 4

Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады күндер.
Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер