Өлең, жыр, ақындар

Балықшылар жыры

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1319
Жайлы тыныс, ескек желі батыстың,
Кезе алмайды бұл маңайды жат ешкім.
Көк толқынға шалма тастап асаудай,
Жүзіп жүрді балықшысы латыштың.
Теңіз кешіп осынау бір өр таңда,
Top құрады балықшылар жалтаңға.
Тез айықты ұйқысынан толқындар,
Жайын ба, әлде,
Сүңгіп кеткен шортан ба?!..
Балықшылар көшті шапшаң қимылға
"Жібек тордың тиегін тарт,
Жи мұнда..."
Жігіттердің сол бір жіті қимылы —
Ұқсап кетті құс алатын тұйғынға.
Төккен кезде мол балықты тордағы,
(Теңізшілер үшін оның зор мәні...)
Шағалалар шаңқылдай кеп құйылды,
Қуанышын жасыра алмай ол-дағы.
Салып жүріп теңізшілер бар жанын,
Сүзіп алды, теңіздің ақ маржанын.
Жағалауға жақындады қайтадан,
Сүйсінгендей көптігіне олжаның.
Аспандата әндетеді шағала,
Осы маңға жиналыпты бала да.
Қарсы алып жүр ме олар да жағада!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төріне жүрегімнің ұя салған

  • 0
  • 0

Өрінде отырсам да Алматының,
Алыстағы езіңмен жалғас үнім.
Үніңнен үзіліп тұр толқынды күй,
Асатын сырластықтан бар ма шырын.

Толық

Аманат..

  • 0
  • 0

Мен бүгін қарап тұрмын тамашалап,
Мінеки, өмір-дағы жаңашарақ.
Кешегі биік деген аласарақ,
Жан толқыр, жаңалыққа қарасаң-ақ!

Толық

Күз болып қалған ба?

  • 0
  • 0

Емхана....
Жатырмын күн санап,
Жүдетті тұман ой тұмшалап.
Қамайды қайдағы үрейлер,

Толық

Қарап көріңіз