Өлең, жыр, ақындар

Көз ұшында бұлдырап

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1952
Көз ұшында бұлдыраған күмбез бе,
Қара қос па бабам тіккен бір кезде.
Жартас па әлде жауын шайған денесін,
Жұмсақ сурет ерекше боп тұр көзге.
Үйренем мен оттан лаулап жануды,
Мақпал түннен оймен үнсіз қалуды.
Әлдилеген ақ толқынды өңгерген,
Көргенмін мен мөлдірлікті көлдерден.
Үйренем мен сыршылдықты бұлақтан,
Тұнық әнді кеудеме әкеп құлатқан.
Үйренем мен жомарттықты даладан,
Сол далада туып-өскен жан анам...
Үйренем мен нәзіктікті гүлдерден,
Маған мәңгі жылылықты күн берген.
Көргенмін мен мықтылықты таулардан,
Сан ғасырды тапжылмастан аударған.
Үйренем мен армандауды ақ бұлттан,
Долы желге ұқсап әсте аптыққан.
Үйренем мен самғауды тек қыраннан,
Менің кеудем ән мен күйден құралған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл де бір жас орман

  • 0
  • 0

Көңіл деген бір жас орман сыңсиды,
Орман түні жайлап бірде тыншиды.
Дауыл, дауыл жапырағын жұлмалап,
Қытымыр қыс балтырынан шымшиды.

Толық

Бас киім

  • 0
  • 0

Көкжиектен әрі аунап,
Күн де батып кеткен-ді.
Дала жүзі алаулап,
Ақырғы рет өпкен-ді.

Толық

Көздер

  • 0
  • 0

Көздер бар жанды нұрға толтыратын,
Сол көзден, тап сол көзден толқыр ақын.
Көздер бар, әрі ойлы, әрі мұңлы,
Тұңғиық тереңінде көл тұнатын.

Толық

Қарап көріңіз