Өлең, жыр, ақындар

Аққулар

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4315
Айдын көл беті жап-жалтыр,
Аққулар жүр шомылып.
Ақ қайың ару ақ балтыр,
Ақша бұлт көлге көміліп.
Емін-еркін жүр қалқып,
Аққулар кербез таранып,
Құдды көлге нұр балқып,
Толқынмен баяу таралып.
Демалып отыр жиекте,
Жігіттер, қыздар сыбырлап.
Құйылып бір ән жүрекке,
Тарайды бойға шымырлап.
Ойлана қарап тұрмын мен,
Сұлу ғой аққу керілген.
Бір күнің қызық бір күннен,
Ой шынар биік өрілген.
Ақ құстар жайды қанатын,
Сүңгіп, қалқып, таранып.
Көзіңнің жауын алатын,
Аққудай жандар бары анық.
Күзге ұқсас көңіл мұңланса,
Шаттансаң жаз боп кетесің.
Аққулар жүзіп жүр қанша,
Байқамай жанап өтесің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мырзашөл гүлі

  • 0
  • 0

Сыйладың маған, жұртым, дала гүлін,
Өзіңнен тасқын шабыт алады үнім.
Кешегі құлазыған Мырзашөл бұл,
Кетіпті гүлге айналып дала бүгін.

Толық

Жат елде

  • 0
  • 0

Өсіппін мен, сонау алыс — жат елде,
Өмір жолы жүріп барып, бұрылды.
Байласам да бұл өмірді қатерге,
Ата жолын қуған екем бұрынғы.

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Кешегі көп күдік пен күмән қалып,
Қолымыз жетті,
Тәубе бұған да анық.
Көне жұрт!

Толық

Қарап көріңіз