Өлең, жыр, ақындар

Шың мен адам

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1592
Тоғайда шың, тау да шың
Жаңғырады күндіз, түн...
Тоқтамайды, тынбайды,
Тек сол әнмен жырлайды.
— Жаңғырады неге шын?
Басылмайды неге ың-жың?
— Адам келді, жол салды,
Биік шыңға қол салды.
Кет жолымнан, кет деді,
Шыңдар жолдан кетпеді.
Ашуланды, жайпады,
Құзды ағаштай шайқады.
Бір динамит байлады.
Атар көзін сайлады,
Құз, шыңдарға болды сын,
Тау жаңғырды күндіз, түн...
Бұйырды адам, шың кетті,
Тауды тесті, жол жетті.
Шыңдар шуы басылды,
Адам күшін асырды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қабылда, Отан

  • 0
  • 0

Туған елім,
Өз Отаным, астанам,
Талай биік жеңістерге бастаған,
Қазақстан рапорт етті, қабыл ал,

Толық

Май дабылы

  • 0
  • 0

Табыс, байлық жолымен келді майға
Отаным
Күн бе, ай ма,
СССР кетті зырлап.

Толық

Украина қызына

  • 0
  • 0

Жайланып, қару-жарақсыз,
Жатырмын, мұнда мен неге?
Өр жүрегім тағатсыз,
Жабырқау тарттың сен неге?

Толық

Қарап көріңіз