Өлең, жыр, ақындар

Өлеңім менің

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2282
Өлең — маған сыр алғы достың бірі,
Келген үні құлаққа туған күні.
Адам ойы, ақылмен тізген сөздің
Кейі қатал, келеді кейі жылы...
Менің көп өлеңдерім сөзбен тізген
Кеткен шығып ежелгі сыпайы ізден.
Ат қорада,
Суықта, лайсанда,
Жабайы жолдас болып жүрді бізбен.
Серігім деп соқашы бір жас жігіт
Жастығының астына қойды тығып.
Нәзік емес, жабайы өз тілінде
Жазылған өлеңімнің сырын ұғып.
Жұмыскер қартаң орыс іздеп барып,
Өлеңімді дүкеннен көрді алып,
Тұрмысыма бір керек бұйымыңдай,
Жатсынбай, қалтасына кетті салып.
Білемін!
Серік болды талай жанмен,
Кеш жатып, бірге тұрды атар таңмен.
Қатарлы күзетшінің бірі болып,
Отарға кетті өлеңім малшылармен.
Кірді еркін бар өмірге есік ашып,
Шахтада кем қазуға араласып,
Заводта машинаның винтін бұрап,
Күзетті шекараны алшақ басып.
Соғысқа меніменен бірге барды,
Ұмтылды атакаға — айғай салды,
Оған да жаудың атқан оғы тиді,
Жыртылған денесінде ізі қалды.
Жазылды жарасынан. Жатпады ол,
Солдаттай сапта бірге аттады ол.
Отанның коммунистік қызыл туын
Өзінің жүрегіндей сақтады ол.
Мансап жоқ өлеңімде жалғыз қуған,
Таймайды кезі келсе оттан, судан.
Жанындай совет халқын жырым сүйген
Ер жеткен соған еріп, сомам туған.
Жан сырым өлең анық, маңдай терім,
Ол — тұтас — Мен.
Атым жоқ басқа менің.
Сем дем қама дүниеге келген жырды
Анамдай қамқор болып сына өздерің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреуге

  • 0
  • 0

Көлденеңдеп әр жерден кез келесің,
Сұм ниетпен күнде қырық өзгересің.
Өзің алтын секілді жарқ-жұрқ еткен
Адам алмас өзгені жез кересің.

Толық

Ұмытпаймын

  • 0
  • 0

Сенің ғана бесігіңде
Бірінші рет шыққан үнім,
Сенен туған адал қанды
Ақ ниетті менмін ұлың.

Толық

Ресей қызы

  • 0
  • 0

Қайда естідім, сенің нәзік үніңді?
Бар денемді билеп алып барады.
Қайда көрдім, сенің бауырым, жүзіңді?
Бір ыстық от жүрегімде жанады...

Толық

Қарап көріңіз