Өлең, жыр, ақындар

Маған күш бер

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1570
(Иван Франкодан)

Туғызған бар әлемді анамсың, жер,
Майданда қайыспайтын болайын ер
Күшіңнен көлдей болған түбіндегі,
Ей, ана, бір тамшысын маған да бер.
Жылылық бер кеудемді кернегендей,
Қан тасып, сезім көкке өрлегендей,
Адалдық, туысқандық бер адамға
Өмірде тасқындай боп кеулегендей.
Дүниені нажағайдай тітірентер,
Ұлы әмір, жалындаған өткір сөз бер.
Қайрат бер зұлымдықты жеміргендей
Мәңгілік әділдікті аңыз етер.
Қолға күш бер бұғауды талқандарлық,
Ойға ізгілік, жүрекке түссін жарық,
Бер еңбекті, өлсек те соныменен
Сол еңбекпен ілгері ұмтылалық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Міне ауыл

  • 0
  • 0

Ақын айтқан түрлентіп талай жырдың
Түпкі иесі сұлу сөз көркем сырдың,
Ауыл міне өмірдің пайғамбары
Асқан нұрлы келбеті Октябрьдік.

Толық

Біз еркесі өмірдің

  • 0
  • 0

Сәлем сізге, сәлем сізге,
Ұлы съезд астанам.
Мен балаңмын еркін өскен
Шаттық әнін шырқаған.

Толық

Сайлау күнгі қуаныш

  • 0
  • 0

Бар жүректің бірдей соғып тынысы.
Бар қуаныш құйылғандай бір көлге.
Бар өмірдің зырыл қағып жүрісі,
Барлық бақыт жиналғандай бір жерге.

Толық

Қарап көріңіз